Жаңатас жайнаған жасампаз қалаға айналады

0

Жаңатас қаласында барлығы 111 көпқабатты үй апатты жағдайда болатын. Және қаланың көркін осы үйлер бұзып тұрған еді. Бүгінгі таңда аталған үйлердің орнына кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұрғын үйлер салына бастады. Қалған бос тұрған көпқабатты үйлер жыл сайын екі-үшеуден қалпына келтіріліп, тұрғындардың игілігіне беріледі.
Саябақтарға абаттандыру және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, қаланың басты көшелерінің бойына көгал төселіп, суару жүйесі тартылуда. Қаладағы автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын қалыпқа келтіру жұмыстары да мықтап қолға алынған.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін шаһардағы 6-ықшамаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына шамдар орнатылмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта жастарға арналған спорт кешенін салу, орталық алаңды жаңа үлгіге сай етіп өзгерту, кинотеатр мен мұражай кірпішін қалап, қалаға газ құбырларын тарту жоспарланып отыр. Бір сөзбен айтқанда Жаңатас жарқырап, жайнаған жасампаз қалаға айналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.