Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

0

Коронавирус кеселі сарысулықтарға да оңай соқпады. Десе де аудан қазір болжамды екінші толқынға сақадай сай дайын отыр. Аудандық аурухана мен емханада әзірлік шаралары пысықталды. Жоспарға сәйкес медицина қызметкерлері арасында семинар сабақтар жүргізіліп, аудандық аурухананың эпидемиолог-дәрігері ауылдарды аралап, кеңес беруде. Одан бөлек ауданда қажетті дәрі-дәрмек қоры да жасақталған. Бұған дейін өкпені қолдан тыныстандыратын 6 құрылғы болған. Қазір олардың саны 9-ға жетті. 26 оттегі концентраторы бар болса, демеушілер есебінен тағы 10 данасы жеткізілді. Сонымен қатар бұрын қолымызда 42 пульсоксиметр болса, қазіргі таңда оның саны – 142. Бұдан бөлек медицина мамандарының да саулығын ойлап, қажетті жеке қорғаныш құралдарының бәрін алдық. Қосымша 45 литр дезинфекциялық сұйықтық, 35 мың 400 дана дәрі-дәрмек және 126 литр антисептикке тапсырып берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.