Сарысуда білім саласына баса мән берілуде

0

Аудандағы 27 мектепте 9 мың 209 оқушы бар. Олар 2 форматта оқып жатыр. 5 мың 85 оқушы дәстүрлі түрде 9 мектепте 4 мың 124 оқушы қашықтан білім алуда.
Қашықтан оқыту кезінде «Daryn.Onlinе», «Bilim Land» платформаларымен бірге «WhatsApp», «Telegram», және басқа да қосымшалар пайдаланылуда. 27 мектептің барлығы «Daryn.Online» платформасына енгізілді.
Платформаларды қолдану үшін жергілікті бюджеттен 3 миллион 329 мың теңге бөлініп, мақсатты игерілді. Қазіргі таңда мектептерде барлығы 2116 дана компьютер құрылғысы бар.
2020 жылға жергілікті бюджет есебінен 86 миллион теңгеге 200 моноблок, 200 ноутбук сатып алынды. Және де республикалық бюджеттен бөлінген қаржы бойынша облыс әкімдігінің білім басқармасы 353 компьютер алып берді. Алдаға уақытта қосымша компьютер беріледі деп күтілуде. Аз қамтылған және көпбалалы 686 отбасыға мектептің балансында тұрған 260 компьютер, 164 моноблок, 217 ноутбук және 81 планшет таратылды. Оның ішінде көпбалалы 34 отбасыға 2 данадан және 1 отбасыға 3 компьютер үлестірілді.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін 7 мектептегі 390 отбасыға 390 дана роутер берілді. Мобильді интернеті жоқ 2 мектептегі 32 отбасы «Транстелеком» компаниясы арқылы интернет желісіне қосылды. Интернет желісімен қамтамасыз ету үшін бөлінген 11 миллион 629 мың теңге толығымен игеріліп отыр.
Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты 21 мектептің әжетханаларын ғимарат ішіне кіргізуге, 17 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 49 миллион 969 мың теңге және 4 мектепке жапсарлас нысан салуға 10 миллион 300 мың теңге қаралып, бұл мәселе толықтай шешімін тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.