Сарысу жауапты маусымға сақадай сай

0

2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына облыстық бюджеттен 628,8 миллион теңге бөлініп, Жаңатастағы қалалық қазандыққа 10 мың 608 тонна мазут отынын сатып алуға «Galaxy Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды. Бүгінгі күнге қалалық қазандық арқылы 91 көппәтерлі тұрғын үйге, 79 коттедж үлгідегі үйге, 332 шаруашылық субъектісіне, 3 мектеп және 3 балабақша ғимаратына үздіксіз жылу беріліп жатыр.
Аудан тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету ісімен 3 жеке кәсіпкер айналысуда. Жалпы аудан тұрғындарына жоспар бойынша 18 мың тонна көмір қажет болса, қазіргі таңда 17 мың тонна қатты отын сатып алынды.
Қыста аудандық маңызы бар көлік жолдарын күтіп-ұстау және қардан тазалау келісімшарт бойынша «Арқат Өркендеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелді. Ол үшін 3 миллион 999 мың теңгеге қаралды. Бүгінде мердігерлер 300 тонна құм және 100 тонна тұз инерттік материалдар дайындалды. Ал облыстық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстау бойынша облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Сарысу жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 4,3 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, мердігер тарапынан 300 тонна инерттік материалдар дайындалып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.