«Жаңатаста жасалған» бренді талайға танылады

0

– Жаңатас қаласында 2018 жылдан бастап йодталған ас тұзын өндіретін «Асыл тұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қалыпты жұмыс атқаруда. Кәсіпорынға теміржол тұйығын тарту бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің салалық басқармасына қажетті құжаттар тапсырылды. Жоба жүзеге асырылған жағдайда өндіріс көлемі артып, өткізу нарықтары кеңеймек. Сол сәтте Сарысудың бал татыған шұбаты мен татсаң таңдайдан дәмі кетпейтін қымызынан бөлек, «Жаңатаста жасалған» деген брендімен айдарланған ас тұзын да талайға танытуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.