Жастар саясаты жүйелі жүзеге асуда

0

Сарысу ауданында жалпы жастар саны 9 мың 545-ті құраса, бір ғана Жаңатас қаласында 4 мың 869 өрен тұрады. Бұл өңір халқының 21 пайызы.
Өткен жылы 52 жас NEET санатына кірсе, биыл не жұмысы жоқ, не оқу-тоқуы жоқ бүгінгі буынның саны 10 адамға азайды. Аудандық жастар ресурстық орталығының жанынан «Сарысу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып, бұл бағыттағы жұмыстар да жүйесін табуда.
Былтыр «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грантты 21 жас иеленсе, қазіргі таңда олар өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Сонымен қатар 505 мың теңге қайтарымсыз грантты 152 азамат алып, өз кәсібін ашты.
Әлемдік пандемия кезінде ауданда 205 еріктіден тұратын арнайы база жасақталып, олар 9 мың 250 отбасыға бетперде таратты. Сонымен қатар жастар бірлесіп, Жаңатас қаласындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арнайы азық-түлік себеттерін жеткізіп берді. Акция аясында жалпы құны 9 миллион 954 мың теңгеге 630 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Өз кезегінде өрендер ауылдық округтерде қойылған блокбекеттерге де кезекшілікке шығып, белсенділіктерін танытты.
Бүгінгі таңда «Janatas jastary» волонтерлік қозғалысы мен аудандық орталық мешіттің бастамасымен аудан тұрғындарын тарта отырып, «Бір отбасы – бір баспана» акциясы жүзеге асып жатыр. Қазір 2 миллион теңге жиналып, оған жағдайы төмен бір отбасыға тұрғын үй сатып алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.