Газдандыру – елді жайландыру

0

Биыл Сарысу ауданына көптен күткен газ құбыры жүргізілуде. Жалпы екі жобаның сметалық құны 2 миллиард 299 миллион теңге. Біріншісі Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің химиялық кешеніне дейінгі жоғары қысымды газ құбырының құрылысы болса, екіншісі ауданның 14 елді мекеніне көгілдір отын тарту жобасы.
– Былтырдан бастап Түркістан облысына қарасты Шаян ауылынан газ құбырын жүргізу қолға алынды. Жаңатас қаласына дейінгі газ құбыры 90 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Строй Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Қазір тау бөктерлерімен газ құбырлары жүргізілуде.
Негізі Сарысу ауданына екі бағытпен газ құбыры жүргізілуде. Біріншісі Саудакент-Жаңатас орта жолымен бастау алса, екіншісі Шаяннан тартылуда. Саудакенттік бағыт 14 елді мекенді газдандырады деп күтілсе, Жаңатас қаласына газ 2022 жылы кіреді. Сондықтан бұқара сәл шыдамдылық танытса, көгілдір отынның қызығын көретін күн алыс емес, – дейді Сарысу аудан әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері Жасұлан Ескермесұлы.
Ең бастысы сең қозғалды…

Leave A Reply

Your email address will not be published.