Жанашыр азаматтар марапатталды

0
Пандемия кезінде Сарысу ​ауданы көлемінде ұйымдастырылған түрлі шараларға атсалысып, белсенділік танытқан бірқатар азаматтар марапатталды.
Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов пандемия кезінде бетперде тігу, оттегі баллондарын тасу, медициналық нысандарды кезекшілік өткізу, дәрігерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында игі іске көмектескен, жанашыр азаматтарға алғыс айтты.
«Қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өз азаматтық ұстанымдарын көрсете білген баршаңызға алғысым шексіз. Қашан да бірлігіміз арта берсін. Еліміз аман болсын»,- деді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.