Жас мамандарға бар жағдай жасалуда

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру», мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметішілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ-сі ауданда осы бағдарлама аясында көрсетілетін қызметті беруші болып бекітілген.
Биылғы жылы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға 16 маманға — 63,6 млн. теңге жоспарланған. Әр маманға 4 млн.167 мың теңгеден (1500 АЕК) аспайтын мөлшерде төленуде. 2020 жылдың 1 қарашасына тұрғын үй сатып алуға 19 маманға – 63,6 млн. теңге (білім – 8, денсаулық – 6, спорт – 1, ветеринария – 3, мәдениет — 1) төленді.
Биылғы жылы бағдарлама аясында бір жолғы көтерме жәрдемақыны алуға 60 маманға — 15,9 млн. теңге жоспарлған. Бір маманға 277,8 мың теңгеден (100 АЕК) аспайтын мөлшерде төленуде. 2020 жылдың 1 қарашасына 47 маманға – 13,1 млн. теңге (білім – 32, денсаулық – 5, мәдениет – 2, спорт – 5, ветеринария — 3) төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.