Ауданда ахуал тұрақты

0

Өткен Жұма күні араға апта салып, Сарысу аудан әкімдігінің фейсбук парақшасында әкімдік сағаты тікелей эфирде өтті.
Сарысу ауданының әкімі ауданға басшы болып келгелі, ең бірінші елмен етене араласуды мақсат тұтты.
Халықпен кері байланыс орнату Президентіміздің басты тапсырмасы болатын.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың да көздегені осы.
Осы мақсатты одан әрі жандандыруды ауданымызда қолға алынуда.
Елді-мекендерде атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау, халықпен кездесу, жиналыстар өткізу мақсатында апталық жұмыс жоспар бекітілген болатын.
Аудан басшысы жұмыс жоспарына сәйкес, аптасына 1 ауылдық округке жұмыс сапарымен барып, ондағы әлеуметтік нысандар, ауыл шаруашылық саласы, кәсіпкерлік нысандарды аралауда.
Барлық жұмыс барысы аудандық «Сарысу» газетінде, аудан әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жариялануда.
Сондай-ақ аудан әкімдігі әлеуметтік желілерде парақшаларын (қаңтар мен қараша айларының аралығында facebook – 10442 жарияланым, 3359 оқырман, 3359, Instagram – 3767 жарияланым, 1987 оқырман) белсенді жүргізеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында фейсбук әлеуметтік желісінде аптаның жұма күндері, кейде аптасына екі рет тікелей эфирде «Әкім сағаты» өткізіліп отырады.
Бүгінгі күнге желі қолданушыларымен 19 рет тікелей эфир өтті. Эфир барысында барлық келіп түскен сұрақтар саны 781. Тікелей эфир барысында жауап берілген сұрақтар саны 568.
Жазбаша да жауаптар берілуде.
Жалпы осы уақытқа дейінгі тікелей эфирдің ұзақтығы
15 сағат 28 минутты құрап, қамту саны бір мезетте 23567 адам көрді.
Енді бүгінгі тікелей эфир барысына тоқталсақ. Бүгін біз аудандағы денсаулық саласына және короновирус індетінің алдын алуға байланысты сақтық шараларымен таныстық.
Бүгін Сарысу аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов пен бірге Сарысу аудандық орталық ауруханасынан Алия Абдуллаева және Сарысу аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Сәкен Артықбаев қатысты.
Жалпы Сарысу ауданында жағдай тұрақты. Індетпен тіркелген адам жоқ.
Осы және өзге де денсаулық, дәрі-дәрмектің жетуі, сақтық шаралары мен талап пен тәртіптің орындалуы туралы ақпарат айтылып, бір мезетте 650 адам көріп, 56- сауалға жауаптар қайтарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.