Бос орындар жәрмеңкесі өтті

0

Аудандық мәдениет үйінде жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде сөз алған жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Баубеков, Донда Сенбин атындағы орта мектебінің директоры Е.Дүйсенбин жұмыс берушіге білікті маман табуға, жұмыссыздың жұмысқа орналасуына сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеге 10 мекемеден 45 бос жұмыс орны туралы сұраныс ұсынылды. Аудандық орталық ауруханасы-6 бірлік, Үшбас мектебі-4 бірлік, Д.Сенбин атындағы орта мек-тебі-1 бірлік, Дос-бол орта мектебі-1 бірлік, Арыстанды орта мектебі-1 бірлік, Шағалалы орта мектебі-1 бірлік, «Қазфосфат» ЖШС-11 бірлік, «Асыл-тұз» ЖШС-5 бірлік, «Жаңатас-Су-Жылу»-3 бірлік, «Шах» дәмханасы -12 бірлік.

Ұйымдас-тырылған аудандық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің 17 жұмыссыз азамат әңгімелесуге жіберілді. Қалған жәрмеңкеге қатысушыларға жұмыспен қамту уәкілетті органының мамандары жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ұсыныс жасалды. Жәрмеңкеге қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.