Аудандық ауруханаға жаңа көлік тапсырылды

0

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтің Мойынқұм ауданына сапары барысында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Сол тапсырмалардың бірі – аудандық орталық ауруханаға реанимобиль алу еді.

Осыған байланысты облыстық бюджеттен 45 млн. теңге бөлініп, аудандық  орталық ауруханасына 1 реанимобиль автокөлігі  табысталды.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне медициналық  барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген көліктің  кілтін аудан әкімінің орынбасары Амангелді  Нәметқұлов  табыстап, еліміздегі коронавирус пандемиясы кезінде қажыр-қайратпен қызмет етіп жатқан дәрігерлерге ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.