Ұлы үшін ұялы байланыс құрылғысын кіргізбек болған

0

Бұған дейін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесіндегі ұлымен ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматшаның косметикалық бұйымдарын тексеру барысында «Beeline» байланыс операторына тиесілі 1 дана sim-карта табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жуырда дәл осы қатаң режимдегі түзеу мекемесінде тағы бір заңбұзушылық орын алды.
Бұл жолы да жазасын өтеуші ұлымен ұзақ мерзімді кездесуге келген тағы бір тараздық азаматша киімдерінің арасына сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған «Redmi Air Dots» ұялы байланыс құрылғысының сымсыз құлақ қабын жасырын алып кірмекші болғандығы әшкереленді. Заңды бұзған қала тұрғының қитұрқы әрекетін тексеру бөлмесінің жедел уәкілі әділет капитаны Назгүл Жампозова, режим бөлімі тексеру тобының бақылаушысы әділет сержанты Бағлан Тілеу және 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы сержант Ақнұр Джалишева, ефрейтор Қайрат Әуесхан, бақылаушы Жәнібек Күзекбаев анықтаған.

Әділет Джарыкбасов,
ЖД-158/4 мекемесі бастығының міндетін атқарушы әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.