Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

0

Түзеу мекемелеріндегі жазалы жандарды ақылы жұмыспен қамту – олардың түзелу жолына түсуіне зор ықпал етіп қана қоймай, жазасын өтеушілердің өз жалақысы есебінен мемлекетке немесе жеке тұлғалар алдындағы қарызын қайтаруға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі сотталғандарды азаматтардың «екі қолына, бір күрек» тауып беру мақсатында кәсіпкерлерді көптеп тарту жұмыстары жүйелі жалғасын табуда. Жуырда мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева бірқатар кәсіпкерлердің басын қосып, аталған мәселе жөнінде кеңесті.

Басқосуға қатысқан «Аиша», «Меридиан», «Кульпашов» және «Аружан және Е» жеке кәсіпкерлігінің өкілдері арзан жұмыс күші жеткілікті түзеу мекемелерінде өндірістік нысан ашу кәсіпкерлер үшін тиімді екенін атап өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде 120 сотталған азамат жұмыспен қамтылған.

Алихан Қали,
ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.