Жұмыстар заң аясында жүруде

0

Қазақстанда жазаларды орындауды ізгілендіруге бағытталған шаралар жоспарлы түрде жүзеге асуда. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің арнайы есеп бөліміне жыл басынан бері сотталғандардан қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыруға 40 қолдаухат түскен. Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару кодексінің 96 бабына сай  жүзеге асырылатын бұл шаралар барысында барлық құжаттар сотқа жолданған. Оның ішінде 15 қолдаухат қанағаттандырылып, 25 сотталғанның қолдаухаты қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бұдан бөлек, ҚР ҚК 72 бабына сай шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға жазасын өтеушілерден 34 қолдаухат түсіп, сотқа жолданған. Аталған сұраныстардың 13-і бойынша оң шешім шығарылған.

Сондай-ақ, сотталған азаматтар жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсағымен ауыстыруына байланысты да қолдаухаттар жазуда. Мәселен, жыл басынан бері мекемеде ҚР ҚК 73 бабына сәйкес сотталғандардан 230 қолдаухат сотқа жолданған. Оның ішінде 135 сотталғанның қолдаухаты қанағаттандырылып,  95 сотталғанның қолдаухаты қанағаттандырусыз қалдырылды.

Мекемеде, сонымен қатар, сотталғандардың жеке басын куәләндыратын құжаттарын алып беру бойынша да жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жеке куәліктерінің мерзімі өткен сотталғандар суретке түсіріліп, құжаттары Тараз қалалық полиция басқармасына жолдау мақсатында дайындалуда.

Жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандармен ҚР ҚАК-нің 88 бабы және ҚР ІІМ 31.05.2017ж. №375 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік пайдалы байланыстар ұстап тұру үшін басқа облыс аумағында орналасқан жаза өтеу орнына ауыстыру қағидалары да жұмыс барысында түсіндіріледі.

Гүлжан Қалымбетова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесі

арнайы есеп бөлімінің инспекторы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.