Күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүйелі жалғасын табуда

0

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Бүгінде мекеме басшылығы тарапынан жылыту маусымына толықтай дайындалуға қажет барлық шаралар қабылданды.

Мекеме ғимаратының жылу жүйесі құбырларына қысыммен тексеріліп, оқшауланған аймаққа, оның ішінде барлық қапастарға және әкімшілік ғимаратқа жылу берілді. Жылу берілу кезінде ешқандай оқыс оқиға орын алған жоқ. Бұдан бөлек, тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері арнайы контингенттерге арналған көрпе-төсек жабдықтары, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарды.

Саят Сәттібеков,
ЖД-158/1 мекемесі тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.