Жекешелендіру – жедел даму тетігі

0

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясында жеке меншік құқығы алғаш рет анықталды. Сол кезде жекешелендіру және мемлекеттің иелігінен алу жөніндегі алғашқы шаралар қабылданды. Оның мақсаты мемлекеттік меншікті басқа нысандарға ауыстыру, нарықтық экономикаға өту үшін жағдайлар жасау болып табылды.

Ел басшылығы нарықтық экономика  үшін негіздер жасау мақсатында жекешелендірудің бірінші толқынын 90-шы жылдары жүргізді. Соған қарамастан, кәсіпорындардың белгілі бір саны мемлекеттік меншікте қалды, ал көптеген компаниялар мен даму институттары жекешелендірудің бірінші толқынынан кейін құрылды.

Жекешелендірудің осы кездегі толқыны енді нарықтық экономиканың негіздерін берік ету мақсатында жүргізілуде және осы бағдарламаның негізгі идеясы – елдің жеке бизнесінің одан әрі дамуына серпін беру.

Жекешелендіру бағдарламасы бизнес-ке мемлекеттік қатысуды қысқарту үшін қажет. Бұл оған жеке сектор үлесін ұлғайту есебінен экономиканың негіздерін күшейтуге бағытталған Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясатымен өзара байланысты. Мемлекеттік меншіктің үлесі экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің деңгейі – ЖІӨ 15% -ына дейін жеткізілуге тиіс.

Бағдарламаны әзірлеу кезінде Сингапур үкіметінің «YellowPagesRule» қағидаттары зерделенді. Олар мемлекеттің ең болмағанда жеке бизнес-құрылымдардың ішінде бір бәсекелесі бар секторлардан шығуын болжайды. Бұл стратегиялық объектілерге, құқық тәртібін қолдауға байланысты объектілерге және өзгелерге жатқызылмайтыны сөзсіз.

Объектілер мен активтерді жүзеге асыру механизмінің ашықтығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (gosreestr.kz) электрондық сауда алаңы арқылы оларды сату туралы шешім  қабылданды.

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде облыс көлемінде 37 нысан, оның ішінде қала бойынша 8 ұйым жекешелендірілуі тиіс болатын. Атап айтқанда, «Жамбыл-                   Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС (10%), «Тараз Тұрғын үй»  ЖШС (51%), «Жасыл Ел-Тараз»  ЖШС (51%), «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС (51%), «Рауан» балалар сауықтыру лагері» МКҚК және «Болашақ» балалар сауықтыру лагері» МКҚК (мүліктік кешен), «ТаразҚұрылысПроект» ЖШС (49%), «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС (49%). Оны ішінде «Тараз Тұрғын үй» ЖШС-н тарату туралы шешім қабылданып, осы бағытта жұмыстар аяқталуда. Ал «Жасыл Ел-Тараз»  ЖШС бірнеше рет сауда-саттыққа шығарылып, өтінім түспегендіктен, сауда-саттық өткізілмеген болып танылды. Келесі сауда-саттық ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нарықтық экономиканы жедел әрі тиімді дамытатын — жеке меншік секторлар. Қазақстанда билік тарапынан шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалған, ендігі кәсіпкерлердің, өндірушілердің міндеті — сапалы, ішкі сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті сапалы өнімдер шығару. Ал халық елдегі жекешелендіру процесіне белсенді қатысып, ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосуы керек. Ол үшін мемлекетте жекешелендіруді жүргізу механизмдері жетілген, халықтың қатысуына ашық демократиялық принциптерге негізделген мүмкіндіктер жасалған.

Қайсар Сарытай,

Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.