Онлайн кеңес

0

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруы мен ағымдағы жылдың 20 шілдесі және 2 тамызы аралығында әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік бағдарламалар туралы онлайн кеңес беру алаңшаларын өткізді.

Аталған іс-шараларға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» және білім бөлімдерінің мамандары қатысты.

Онлайн іс-шараларға аталған бөлімдердің мамандары қатысып, 5000-ға жуық адамға кеңес берілді. Оның ішінде тұрғындар тарапынан жиі қойылатын жас отбасы бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, төтенше жағдай кезіндегі 42 500 теңгеге өтініштерді кімдер және қалай беруге болатыны, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар, карантин кезіндегі сақтық шаралар (індеттен қалай сақтануы), көптеген құқықтық сауаттылықтар мен т.с.с.  актуалды сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан мардымды кеңес көрсетілді.

Әлемде, елімізде болып жатқан індетке байланысты облысымызда карантин уақытының қатаңдатылған түрінің енгізілуіне байланысты көптеген іс-шаралар онлайн форматқа ауысқандығын айта кеткен жөн. Осыған орай, алдағы уақытта мекеме тарапынан онлайн кеңес беру алаңшаларын ұйымдастыру жоспарлануда. Айта кететін болсақ, карантин уақытының созылуы немесе бәсеңдеуіне байланысты кеңес беру алаңшаларының форматы, яғни карантин уақыты аяқталғаннан кейінгі көшпелі және халық көп шоғырланған орындарда, карантин кезіндегі сақтық шараларын қатаң сақтап, ауқымды түрде өткізу жоспарлануда.

 

Еркінбек Жаманкеев,

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің

ақпараттық-мониторинг секторының меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.