«Ореn space» сервистік әкімдік мүмкіндіктері

0

Қалада алғаш рет сервистік әкімдік офисінің жаңа жобасы 2019 жылы 09 шілдеде Тараз қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп жаңа форматта қызмет көрсететін «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің ғимаратында орналас-тырылып, іске қосылды. Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандары «open space» форматында бір жерге шоғырланып, жұмыстарды атқарып келеді.

Тараз қаласында сервистік қызмет көрсету үлгісіне көшуді Мемлекет басшысының қолдауын есепке ала отырып, әкімдіктің қызметін талаптарға сәйкес ұсыну үшін  сервистік әкімдіктің екінші офисі ағымдағы жылғы 18 тамызында Тараз қаласы, Төле би көшесі, 57 «Б» мекенжайында орналасқан ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен қайта ұйымдастырылды. Сервистік әкімдік құзыретті әрі кәсіби мамандармен қамтылған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, Wi-Fi желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орындар және мемлекеттік қызмет алушыларға арнайы жабдықталған қызмет көрсету (Service zone) аймағымен қамтамасыз етілген. Сервистік әкімдік офисінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарында  5 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша (1. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру. 2. Ағаштарды кесуге рұқсат беру. 3. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру. 4. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау. 5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту), ауыл шаруашылығында 4 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша (1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру. 2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру. 3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу). 4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу)  және дене шынықтыру және спорт бөлімінде 1 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру) бөлімдердің мамандары «open space» форматында бір жерде халыққа қызметтерін ұсынады.

Сонымен қатар Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс және кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімдерінің кеңсе мамандары тұрғындардан түскен өтініштерді қабылдайды.

Мұнда қала тұрғындары нақты уақыт режимінде олардың өтініштеріне ұсыныстар мен жауаптар ала алады. Жоба Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын көрсетеді. Жобаның басты мақсаты – халық үшін мемлекеттік органдардың қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру (open space).

Жұмыс кеңістігінің ерекшелігі мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту болып табылады және мемлекеттік қызметшілерге қалыпты бюрократиялық жолмен міндеттерді шешуді болдырмауға, қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындар аталған бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін бір жерде «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады, ал органдар басшылары халықпен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мәселелері бойынша диалогтық алаңдарды ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.

«Оpen space» екінші фронт-офисінің ашылуы – бұл Тараз қаласы әкімі аппаратының алға жылжуы, жаңа форматтағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру, ең алдымен халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру.

М.Молдағалиева,

Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік

көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.