«Мектепке жол»  акциясын  жүзеге асыру барысы туралы

0

Қалада 60 мектеп, 1 кешкі мектеп, 45 бөбекжай-бақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – барлығы 111 мекеме жұмыс атқарып жатыр. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып, сапалы білім беру мүмкіндігі кеңеюде.

Мектептерде барлығы 77 963 оқушы білім алады деп жоспарлануда, оның ішінде 1-сыныпқа келетіні – 8479. Қашықтан оқытуға                                                                                 байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Компьютерлік техникалары жоқ отбасылардың балаларына мектептердің теңгеріміндегі компьютерлер уақытша пайдалануға (өткізу-қабылдау актісі бойынша) берілуде. Республикалық бюджеттен және жалпыға міндетті білім беру қорынан қарастырылған қаражатқа оқушылар жоспарланған компьютер, планшет, роутермен қамтамасыз етілетін болады. 1-4 сыныптардағы оқушылар үшін ата-аналардың өтініштері негізінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып 60 мектепте 382 кезекші сынып ашылды. Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мектеп формалары, оқу құралдары, қыс маусымына арналған киімдер алынып берілуде.

Дәстүрлі жыл сайын өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылған.  Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың  мектепке бармауының  алдын  алу үшін материалдық, т.б. көмек көрсету.

ҚР  Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекенім» қоғамдық бірлестігі atamekenim.kz порталы арқылы өтініштер мен тізім бойынша мұқтаж отбасыларға көмек жинау туралы келісім жасалған. Бұл платформа тұрақты негізде жұмыс істеуі және келесі бағыттар бойынша мақсаттылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа тәсіл арқылы көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді. Атап айтсақ:

— балаларға оқу үрдісіне қажетті барлық заттармен көмектесу;

— мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланыс;

— көмекке мұқтаж адамдардың шынайылығын растау, олардың әлеуметтік қажеттіліктерін шешу;

— қаражаттың онлайн түсуі мен пайдалануын бақылау.

Бүгінгі күнге мектепке дайындау кезінде қолдауға мұқтаж оқушыларды анықтап, әлеуметтік жағдайларын ескере отырып көмекті қажет ететін балалардың тізімі  жасалды, оларға жеке-жеке көмек көрсету қажеттілігіне назар аударылып отыр.

Сондай-ақ түрлі деңгейдегі мекемелер мен демеушілердің деректер банкі  жинақталып, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балаларына жәрдем беру туралы үндеу хаттар таратылды.

 Әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға демеушілік көмек ұйымдастырылу жұмыстары жалғасын табатын болады.

Уалихан Байдуанов,

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.