Тұрғын үй қорын қайта жаңғырту

0

Қазіргі таңда Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1323 көппәтерлі тұрғын үй (КПТҮ) бар (151 – бір қабатты барак типтес тұрғын үйлер, 1172 – екі және одан жоғары үйлер). Осы көпқабатты тұрғын үйлердің 90 пайызына жуық пайдалану уақыты 30-40 жылдан асып, соғылған уақыттан бері күрделі жөндеуден өтпеген, тозығы жеткен үйлер. Шамамен 600-ге жуық, яғни 50 пайызына КПТҮ күрделі жөндеуді қажет етеді.

 Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары 2011 жылдан бастап жүргізілуде.

Бүгінгі күні барлығы қайтарым қаражатты қоса алғанда «Тұрғын үй қорын жаңғырту» тетігі арқылы 2011-2019 жылдары аралығында 5 167,9 млн теңгеге 251 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бөлінген қаражатқа:

— 2011 жылы 326,25 млн теңгеге – 33 үй;

— 2012 жылы 572,5 млн теңгеге – 46 үй;

— 2013 жылы қаржы бөлінбеді (2013 жылғы 8 мамырдағы РБК-ның №8 шешімі);

— 2014 жылы 544 млн теңгеге – 23 үй;

— 2015 жылы 715,3 млн теңгеге – 30 үй.

Бағдарлама талаптарына сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлердің тұрғындары қайтарған қаражатты мамандандырылған уәкілетті ұйым кондоминиумның басқа нысандарын жөндеуге пайдаланады. Осығын байланысты қайтарым қаражат есебінен 2013-2017 жылдары 784 млн теңгеге 58 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде:

— 2013 жылы 48,2 млн теңгеге – 4 үй;

— 2014 жылы 82,4 млн теңгеге – 3 үй;

— 2015 жылы 122,1 млн теңгеге – 12 үй;

— 2016 жылы 189,3 млн теңгеге – 20 үй;

— 2017 жылы 341,3 млн теңгеге – 19 үй.

2018 жылы жалпы 31 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген 320,0 млн теңгеге 15 үй. Ал қайтарым қаражат есебінен 736,83 млн теңгеге 16 үй жөнделді.

2019 жылы Тараз қаласы бойынша жалпы сомасы 1 121,1 млн теңгеге 34 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 655,5 млн теңгеге қала бюджеті есебінен қаржыландырылды, ал 465,6 млн теңге қайтарым қаржы есебінен.

2020 жылға Тараз қаласындағы 80 көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына республикалық бюджеттен 3 378,0 млн теңге қарастырылып, жоспарлы қаржыландыру кестесіне сәйкес мамыр айында 1 142,0 млн теңге аударылды.

Бүгінгі күнге 80 үйдің жөндеу жұмыстарына мердігерлер бекітіліп, төрт жақты келісімшарт жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Тараз қаласындағы 24 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін жұмыспен қамтамасыз ету жол картасы аясында республикалық бюджеттен 1 080,0 млн теңге қарастырылды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалғасын тауып, күрделі жөндеуді қаржыландыру қарастырылған, меншік иелері 8-ден 15 жылға дейін мерзімде (күрделі жөндеу жұмыстары түрлеріне байланысты) қаражатты қайтарады. Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарына қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға нақты мүмкіндік беріледі.

Жөндеу жұмыс жасау үшін пәтер (жайлар) меншік иелерінің жалпы жиналыста қабылданған келісім және күрделі жөндеу жасау туралы қол қойылған шарттар негіздеме болады.

Бағдарлама бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін алуға мүмкіндігі бар. Ұйымдастыру жұмыстарын (жиналысты өткізу, банктарда есепшот ашу, құжаттарды ресімдеу) кондоминиум объектісін басқаратын орган атқарады. Осы күнде бұл ПИК және заңнама бойынша басқа да түрлері ( басқаратын компаниялар, өзін-өзі басқару органдар).

Ғазиз Ералиев,  

Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.