Ауыл тұрғындарының мәселесі қаралды

0

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевпен бекітілген «Бейбітшілік пен Келісім» пилоттық жобасының
«Әлеуметтік — тұрмыстық» тобы бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы — Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы бастаған жұмысшы топ ауданымызға келіп, Берікқара ауылдық округінде халықпен кездесіп, азаматтарға жеке қабылдау жүргізді.

Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелерді анықтап, тұрғындардың ұсыныстары жинақталды. Талас ауданы әкімдігінің тиісті бөлім басшылары да қабылдауға қатысып, салалары бойынша тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға Заң аясында жауаптары қайтарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.