Қайта заңбұзушылыққа барған азамат 5 күнге қамалды

0

Жамбылда ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің қоршауынан тыйым салынған зат лақтырмақ болған азамат құрықталды. Айта кетейік, Тараз тұрғыны өткен жылы дәл осылай заңды бұзып, айыппұл төлеген.

Биылғы жылы қылмысын қайталаған ол бұл жолы түзеу мекемесінің қоршауынан 3 дана ұялы телефон, 3 дана қуаттағыш құрал, 1 дана құлаққап және 2 дана сим-картаны лақтырмақшы болған. Бүгінде заңды бұзған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 481 бабы 2 бөлігіне сәйкес 5 күнге қамауға алынды.

Ғани Досыбаев,
ЖД158/7 мекемесінің режим бөлімінің бастығының орынбасары әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.