Жас қызметкерлер ант қабылдады

0

Жуырда Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрамы жас қызметкерлермен толықты. Осыған орай, мекемеде салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Жиында алдымен мемлекеттік Әнұран орындалып, жеке құрам қатарына жаңадан қосылған қызметкерлер ант қабылдады. Бұдан кейін, мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Нұржан Кутумбетов жас мамандарды құттықтап, олардың алдағы қиын да жауапты жұмыстарына сәттілік тілеп, жұмыс барысын түсіндірді.

Ол өз сөзінде жас мамандарға қызмет бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық күш-жігерін қолданып, азаматтармен және әріптестерімен сөйлескенде әдептілік танытып, адал, әділ болуы және адамгершілік–әдептілік ережелерін сақтауы керектігін баса айтты. Соңында мекемеде ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан аға буын өкілдері жас мамандармен көп жылдық тәжірибелерімен бөлісті.

Еркебұлан Садуанов,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.