Су арналарының жағдайымен танысты

0

Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықов, Сарысу аудандық мәслихатының хатшысы С.Бегеев, аудан әкімінің орынбасары О.Көкей және Жайылма ауылдық округінің әкімі Ж.Смағұловтар болып, арнайы жұмысшы топ Жайылма ауылдық округ тұрғындарының көтерген мәселелерін зерделеу мақсатында Жайылма, Игілік, Жаңаталап, Досбол, Тоғызкент ауылдары мен Талас өзенінен келіп жатқан суды көру мақсатында Талас ауданының Үшарал ауылдарына дейін барып қайтты.
Бірінші, Жайылма ауылындағы Ақши мал жайылымдық жеріндегі «Құртты бұлақ» су арнасында болып, ондағы (мал аяғынан бітеліп қалған) бұлақ көздерін қайта ашып және жан-жағын (мал баспайтындай етіп) таспен қалап тастау жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары О.Көкей мен Жайылма ауылдық округінің әкімі Ж.Смағұловқа тапсырды.

Одан кейін, «Құтты бұлақ» шаруа қожалығының (су арнасының бойынан) балық өсіруге жасаған дамбысын көріп, балық өсіруге арналған құжаттарының заң талаптарына сай болуын бақылауға алуды және Қызылдихан ауыл тұрғындарының келісімін алуды тапсырды.


Сонымен қатар, «Құртты бұлақ» су арнасының бойында орналасқан Қаратау тау-кен өңдеу кешенінің су насосының құрылғысымен танысты.
Одан кейін, Жайылма ауылындағы «Бүркітті» су қоймасының, су жүйелерінің (латоктардың) жаңадан жөндеу жұмыстарымен танысты. Жұмыс барысында, мердігер «Бер Нұр Тараз» ЖШС-нің жұмысының жоспарланған уақытынан кешігіп жатқаны және жұмыс сапасының кейбір кемшіліктері жөнінде айтылды. Осы жұмыстардың сапасы мен жұмыс уақытын күнделікті бақылауда ұстау, аудан әкімінің орынбасары О.Көкей мен Жайылма ауылдық округінің әкімі Ж.Смағұловқа тапсырды.


Талас өзенінен келетін судың соңғы бағыты Жайылма ауылындағы Шайқан қыстауы мен Жылқыбай көлінен бастап, су арналарымен Игілік пен Доспол ауылына дейін барып, Досбол ауылының су арнасын байлап тастаған жерді көрді. Нәтижесінде, Досбол ауылдық округінің әкімі Н.Молдабековке байлаған су арнасын, (шабындық жеріне жайылысымен) 10 – 15 күннің ішінде қайта ашуды тапсырды. Осы Талас өзенінің суының, төменгі Жаңаталап, Игілік ауылдары арқылы Жайылма ауылының шабындық жерлеріне жету керектігін ескертті.
Одан кейін, Тоғызкент ауылы арқылы Талас ауданының Үшарал ауылындағы үшлюздегі Талас өзенінің келіп жатқан суын көріп шығу барысында, Үшарал ауылының шаруаларының судың Сарысу ауданына кететін жерін байлап тастағаны анықталды. Бұл орын алып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты, Облыстық су инспекциясына хабардар етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.