«Учаске» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде

0

Таразда «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Шара аясында қалалық №1 пробация қызметкерлері қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пәтерлерді аралап, тәртіпті қадағалауда. Қыркүйек айында басталған науқан желтоқсан айына дейін жалғасады.


Өткізілетін кезең ішінде учаскелік тәртіп сақшылары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскесіндегі тұрғындармен танысу, сондай-ақ, әртүрлі құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды анықтау мақсатында аула және көп қабатты үйлерді тексереді. Бұдан бөлек, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Олжас Бектаев,
Тараз қалалық №1 Пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.