Ширек ғасыр – ел қорғанында

0

Егемендігімізді алғаннан бері Азаматтық қорғау мен төтенше жағдайларда әрекет ету жүйесінің қалыптасуы және дамуы біраз ұзақ жолдан өтті. Төтенше жағдайлар қызметі айтарлықтай көптеген жетістіктерге жетіп, тәжірибелерге қол жеткізді.

Апатты болдырмау, халықтың өмірін сақтап қалу — Азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлері қызметінің басты нәтижесі, жеңісі және табыс көрсеткіші.  Еліміздің барлық бұрышындағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті жұмысы міне осыған бағытталған. Комитет қызметкерлері —   Төтенше жағдайларда жедел әрекет жасауды, жоюды, адам өмірін арашалауды, шығындарды болдырмау және қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді жылдан жылға жоғары деңгейде атқарып келеді.  Біздің құтқарушыларымыз бен өрт сөндірушілеріміз өздерінің ерліктерімен, батылдықтарымен және қажырлы еңбектерімен республикамыздың азаматтары алдында лайықты құрметке ие.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелері үнемі Жамбыл облысының басшылығы назарында. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мәселесін жедел және сапалы атқарылуда.

Сондай-ақ сала ардагерлерінің де атқарған жемімсті еңбегінің үлесі мол екендігін атап өткен жөн. Ардагерлер кеңесінің жылдар бойы атқарған сан қырлы қызметі шексіз құрметке лайық.  Ардагерлер Кеңесі жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің беделін көтеруде үлкен үлес қосуда. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен қайсарлықтары бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Қ. ИМАШ,

Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.