Әдеп – ардың айнасы

0

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әрбір қазақстандықтың негізгі ұстанымдарының бірі болуы тиіс. Осы мақсатты асыру үшін және мемлекеттік қызметтің жаңа  моделін енгізуге байланысты, барлық мемлекетік органдарға Қазақстан Республикасы Президетінің Жарлығына сәйкес – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілген болатын.

Алдымен, әдеп жөніндегі  уәкіл дегеніміз кім, ол қандай міндет атқарады? Әдеп жөніндегі уәкіл ол – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын мемлекеттік қызметші және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының бұзылуын алдын алуды назарда ұстайтын және өз міндеті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші.

Осыған орай өткен аптада  Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі  уәкілі  Әлібеков Серік Айдарұлы  ауданға жұмыс сапарымен келді. Алдымен Қызылотау ауылдық округінде болды. Онда округтегі мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, сыбайластыққа жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау мен мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасты. Сонымен қатар Жамбыл, Мойынқұм ауылдық округтерінің мемлекеттік қызметшілерімен де кездесіп, ондада мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен талаптарының сақталуы бойынша  әңгімелесті.

Сондай-ақ Серік Айдарұлы аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріменде кездесті. Онда бірінші болып мемлекеттік қызметке халықтың сенім артуына, өзара қатынаста мәдениеттілік танытуға шақырды. Одан бөлек  сыбайластыққа жол бермеу, әдеп нормаларының бұзылуын нақты мысалдар арқылы түсіндіріп өтті. Жиында аудан қызметкерлері Д.Әберқұлов, Е.Жұмабеков, Б.Шынжарбековтер өз сауалдарын қойып, оған нақты жауаптар берді.

Жалпы жиынды қорытындылаған Жамбыл облысы әкімі аппаратынның әдеп жөніндегі уәкілі Серік Айдарұлы қызметкерлерге әдеп нормаларын қатаң сақтауға және  әріптестерімен мәдениетті болуға,проблемалық мәселелер болған жағдайда өзіне жүгінуге шақырды.

Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,

Мойынқұм ауданы.

Суретті түсірген автор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.