6 топ Президент Жолдауын түсіндіруде

0

       Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл» атты Жолдауын түсіндіруге  арналған арнайы 6 топ аудан әкімі Мәден Мұсаевтың өкімімен құрылған болатын. Оның құрамында аудан әкімі, мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары,  аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, «Nur Otan»  партиясының белсенділері бар.

     Аудандық ақпараттық топ мүшелері  аудан халқына насихат жұмысын бастап кетті.  Ақпараттық топтың мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев пен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Несіпбаева аудандық кітапхананың білім беру орталығында белсенді жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Жолдаудың әрбір бөліміне жеке-жеке тоқталып, түсіндірді.   Қатысқандар жаңа Жолдауға бірауыздан қолдау білдірді. Шара санитарлық талаптарды ұстана отырып өткізілгенін де айта кеткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.