Талап орындалуымен құнды

0

Бүгінгі таңда Республика көлемінде коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі — КВИ) 106 121 жағдайы тіркелген, олардың ішінде, олардың 1588-і қайтыс болды. Барлығы 98 585 адам жазылып шықты. Короновирустық инфекциядан 5924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Стационарларда 3119 науқас жатыр. 2805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. КВИ-дің таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы шаралар өз жалғасын табуда.

Қәзіргі таңда республика көлемінде КВИ-дің эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанды. Десе де толықтай жойылған жоқ, жағдайлар тіркелуде.

2020 жылдың 17 тамызынан бастап Жамбыл облысы аумағында халықтың тұрмыс-тіршілігін және (немесе) ерекше жағдайдағы шектеу режимін кезең-кезеңімен жеңілдету шаралары енгізілді. Алайда ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге, барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, футкордттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына  тиым салынған.

Жалпы білім беру мектептері әр үрдісте, бала бақшалар кезекші топпен өз жұмыстарын бастады. Бұл ұйымдасқан ұжымдарда санитарлық-дезинфекциялық режимдер күшейтілуі тиіс.

Халық үлкен топтармен жиналып, ас-жиындарға жиі барады.  КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына, әсіресе егде жастағы адамдар немесе созылмалы соматикалық аурулары бар адамдар арасында КВИ-дің ауыр түрлерін тіркелуі мен инфекцияның таралу мүмкіндігіне алаңдаулымыз.

Құрметті аудан тұрғынары! Халық арасында коронавирустық инфекция ауруының таралуына жол бермеу және қауіп тобындағы адамдар үшін қауіп-қатерді азайту мақсатында,  КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды (карантиндік шаралар, және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шаралардышектеу) сақтаудысұраймыз. Сондай-ақ, 5 жасқа дейінгі балаларды және 5 адамға дейінгі топтанып ойнайтын спортшыларды қоспағанда, барлық адамдар барлық жерде бетперде тағуға міндетті.  Бұл өзіңді және айналаңдағы адамдарды короновирустық инфекциядан қорғаудың ең басты жолы. Карантинді әлсіретуге байланысты бетперде тағу алынып тасталмағанын ескеру керек.

Бұл індет әрбір адам өз міндетіне  жауапкершілікпен қарағанда ғана ауыздықталады. Бізге жүктеліп отырған міндеттер де аса қиын емес, егер бетпердемен жүрсек, әлеуметтік ара қашықтықты сақтасақ, ауру белгілері байқалғанда өзімізді өзіміз оқшаулап, дәрігер кеңесін тыңдасақ болғаны. Сондай-ақ үй карантиніндегі симптомсыз науқастар мен қарым-қатынастағы тұлғалар өздеріне жүктелген ұсыныстарды, дәрігерлер тарапынан қойылған таоаптарды орындауға міндетті.

Айман ЕЛЕУОВА,

Мойынқұм аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен

қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.