«Борышкер-2020»  жедел іздестіру шарасы өткізілді

0

Құрметті аудан тұрғындары! Жамбыл облысы бойынша Мойынқұм ауданында «ОПМ Борышкер-2020»  атты жедел іздестіру іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылардың орындалуы, салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өндіру бөлігінде бақылауды күшейту болып табылады. Осы жедел іздестіру іс шарасына қатысты аудан тұрғындарының әкімшілік құқық бұзушылық жасағанына байланысты айыппұлдары болса АПБ ӘПБ ӘПИ-на келіп кеңес алуға, сұрақтарыңызды қоюға болады. Сонымен қатар ескерте кететін жағдай әкімшілік айыппұл салынған уақыттан бастап 7 күн, яғни 1 апта ішінде айыппұлдың жарты мөлшерін (50%) төлеуге мүмкіндіктеріңіз бар. Алайда, 1 апта ішінде төлемеген жағдайда әкімшілік айыппұлдың  ӘҚБК-нің  (әкімшілік құқық бұзушылық кодексі) 811-ші бабына сәйкес толық мөлшерін (100%)  төлеу туралы қаулы шығарылады. Әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты салынған айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі өткен жағдайда 30 күннен соң мәжбүрлеп өндірілетінін ескертеміз.

Б. АРХАБАЙҰЛЫ,

АПБ ӘПБ инспекторы, полиция лейтенанты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.