Үйретері мол аула клубы

0

Аула клубы дегеніміз — балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулайтын тәрбие беретін ұйым түрі. Бұл ұйым түрі балалардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәрбиелі болып қалыптасуына өз оңды ықпалын тигізеді. Клубта балалар тек қана жан-жақты үйреніп қана қоймай рухани да дем алып қалады және қоғамдық шараларға өз үлестерін қосады.
Аула клубтары әр қаланың мөлтек аудандарында орналасады.
«Жаңатас қалалық аула клубы» 2009 жылдың 11-ақпаны күні заңды түрде ашылып өз жұмысын бастады. Мақсаты:балалардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, салауатты өмірге баулуға, ізденімпаздылық қасиетін шыңдауға, шығармашылық пен өнерге, білімге деген құштарлығын қалыптастыруға баулиды. Жаңатас қаласында аула клубтары үш мөлтек аудандарында орналасқан. Әр топтарда теледидар, үстел, орындықтарымен, тақта, сөрелермен жабдықталған. Олар: 6-мөлтек ауданы 26-үй 1-пәтер«Балдырған» тобы, 1-мөлтек ауданы 23-үй, 61-пәтер «Балауса» тобы, 2-мөлтек ауданы 22-үй, 27-пәтер«Тұлпар» тобы. Топтардың сыйымдылығы «Балдырған» тобы 140 бала, «Балауса» 128 бала, «Тұлпар» тобына 100 балаға дейін сыйымды. Клуб барлық балаларға ашық. Кішкентай балалар ойын бұрышында ойнайды, мектеп жасындағы балалар үйірмелермен жұмыс жасайды. Аула клубының үйірме жұмыстары қыркүйек айының 15-нен мамыр айының 25-не дейін. Жазғы уақытта екі ай жазғы сауықтыру лагері есебінде жұмыс жасайды. Аула клубында балалар мектептен тыс уақытта пайдалы шараларға, үйірмелерге тартылуда. Мекемеде әр мереке күндері, және әр жұма сайын түрлі сипаттағы іс-шаралар өтіледі. Балалардың күзгі, қысқы, көктемгі онкүндік демалыстарында іс-шаралар жоспары құрылып, он күн бойы түрлі іс-шаралар мәселен: концерттік бағдарлама, спорттық, эстафеталық жарыстар, толағай, отбасылық жарыстар, әжелер сайысы, күз аруы, жігіт сұлтаны т.б іс шаралар өткізіліп тұрады. Балалардың қолөнер үйірмесінен жасаған жұмыстары мереке күндері көрмеге шығарылып отырады. Музыка және басқа да үйірмеге қатысатын балалар түрлі аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатыстырылып, жүлделі орындарды алады. Жетекшілер тәрбиеленушілерді әртүрлі тақырыпта, әр түрлі бағытта облыстық, республикалық байқауларға қатыстырып отырады.
Аула клубына келетін балалар қазіргі уақытта 368-ді қамтиды. Жас ерекшеліктері 5-13 жас аралығы. І-топ 5-7 жас, ІІ-топ 8-10 жас, ІІІ-топ 10-13 жасты қамтиды. Аула клубында мұғалімдердің саны қазіргі уақытта 18, 4 үйірмемен жұмыс жасайды :
1. Ағылшын үйірмесі. Бұл үйірмеде жалпы 48 бала қамтылған.
2. Музыка үйірмесінде 48 бала.
3. Көркем әшекей бөлімі(бұл үйірме қолөнерді, бейнелеу өнері, табиғи материалдармен жұмыс үйірмелерін қамтиды) бұл үйірмеде 248 бала қамтылған.
4. Би үйірмесінде 24 бала қамтылған.
Әр үйірменің өзіндік ерекшелігі бар, үйретері мол.
Аула клубында қолөнер бұйымдары кеңінен дамыған. Сондай жұмыстарға атсалысып жүрген жақсы екі маман жұмыс жасайды. Бірі «Көркем әшекей бөлімі» үйірмесінің жетекшісі Жұмағұлова Бағила Есенбекқызы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша бітірген. Бірі мекеменің безендіруші –суретшісі Берік Құралай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Кәсіптік оқыту» мамандығын бітірген.
Барлық қолөнер бұйымдарын, суреттер, көрмеге шығатын бұйымдарды өз қолдарымен тәрбиеленушілермен біріге отырып жасайды. Бірі былғарымен жақсы жұмыс жасаса, бірі түрлі бұйымдар мен суреттер салады.
Қорытындылай келе, мақсаты айқын, жұмысы жүйелі аула клубтарының алдына қойған негізгі мақсаты жан-жақты білім алу міндетінен бөлек, өз қалауы бойынша білім алатын қабілетімен дарындылығы, ізденімпаздығы, шығармашылыққа жаны құмар және білім нәрімен сусындаудан еш жалықпайтын, өнер жарыстыруға, білгенін ортаға салу секілді ізгі мақсаттарға жол ашып, ойын арқылы баланың құштарлығын қалыптастыру мақсатында балаларға арналған аула клубы орталығын жасау.

Ақерке Досжанова,

«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жаңатас қалалық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.