«Ғибратты керуен» жобасы – Сарысу ауданында

0

Сарысу ауданына «Ғибратты керуен» жобасы аясында Жамбыл облысынан зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесі, діни басқарма имамдары, жастар орталығының мамандары, әлеуметтік желі белсенділері, мәдениет, әдебиет қайраткерлерінен құралған керуен ат басын бұрды.
Жобаның мақсаты: -Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап, өскелең ұрпаққа дәріптеу;
-Қариялардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету, насихаттау;
-Жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, адамгершілікке тәрбиелеу;
— Халықтың барлық санаттарының мәдени өмірге қатысуына тең мүмкіндіктер жасау, рухани өмірімізге сергек бағыт беру.
Аудандық мәдениет үйінің коворкинг орталығында кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандық ардагерлер төрағасы Ж. Жұмаділдаев, Жаңатас қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орымбаев бастаған ардагерлер және алқа билер кеңесінің төбе биі Қ. Жандарбеков, Сарысу ауданының бас имамы Ғ.Қонақбаев, ауанымыздың Құрметті азаматтары және этномәдени орталықтардың жетекшілері, қоғамдық бірлестік төрағалары, Жаңатас қаласы және ауылдық округтердің жастары қатысты.
«Ғибратты керуен» жобасының бағдарламасы аясында кездесу, әлеуметтік бинероликтердің көрсетілімі, «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің азаматтарды қабылдауын Жамбыл облысы адалдық алаңы жобалық офисінің басшысы Н.Жувандикова өткізді.
Шеберлік сағаттарын ҚР еңбек сіңірген әртәсі М.Әлімбетова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретші, қолөнер шебері Р.Сапаралиева, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының гриммері Ә.Ахметова жүргізіп жоғарғы деңгейде болып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.