Абзал жүректі азаматтар марапатталды

0

Халық даналығында «Жылуы жоқ жүрек — құр кеуде» деп бекер айтылмаса керек. Осы арқылы халқымыз ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Шыны керек, кейде қамқорлық жасағандарға алғыс айтудан әрі аса алмай жатамыз.

Осыған орай Мойынқұм аудандық орталық кітапхананың Білім орталығында «Жомарт жүрек» лауреаттарын құттықтау рәсімі өтті. Салтанатты құттықтау жиынының мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін елге үлгі, жанашыр боларлық азамттардың тәжірбиесін тарқатып көрсету болды.

Аталған шараның өзектілігі мен маңыздылыған атаған аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегенов «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша Саурықов Ерболат Байұзақұлы, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша аудандық орталық кітапхана, «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Шығыс Кен басқармасы» ЖШС бас директоры Катранова Зелина Ганиевна, «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша Малдыбекова Камшат Мырзақұлқызын , «Туған өлке» номинациясын Ақбалаев Сабыр Құдайбедіұлына табыстап, арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.