Қордайда пияз жинаудан Сортөбе ауылдық округі көш бастап тұр

0

Күні кеше Қордай ауданында картоп жинау науқаны аяқталып, шаруалар бас-аяғы 126 мың 787 тонна өнім алды. Айта кетсек, орташа өнімділік көлемі гектарынан 345 центнерді құрап отыр.

Облыс бойынша картоптың басым бөлігін қордайлық шаруалар өсіріп, бұл дақыл түріне биыл жыл басында 3675 гектар алқап бөлінген болатын. Демек, ауданда тек Жамбыл облысын ғана емес ірі қалаларды да картоппен қамтамасыз етуге қауқары бар. Бүгінгі күнге Сортөбе, Масанчи, Ауқатты ауылдық округтерінде картоп жинау жұмыстары толығымен аяқталды.

Сондай-ақ, Қордай ауданының шаруа қожалықтары көкөніс жинаудан да алдына жан салмай, болжам бойынша жалпы жиналған өнімнің көлемі 150 мың тоннаға жетпек. Бұл ирригациялық желілерді қалпына келтіру арқылы ауылшаруашылық алқаптарын ұлғайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтижесі. Аталмыш бағыт аудан басшылығының жіті назарында.

Ауданда пияз жинау науқаны аяқталуда. 3353 гектар алқаптан барлығы 100590 тонна пияз жиналып, орташа өнімділік гектарынан 300 центнерді құрады.

Аталмыш дақылды жинауда Сортөбе ауылдық округі көш бастап тұр. Онда пияз 323 гектар аумаққа егіліп, одан 96 900 тонна өнім жиналып, орташа өнімділік әр гектарынан 300 центнер болған.

Пияздың «Манас» және «Дальтон» сұрыптарын өсіруді жақсы жолға қойған шаруалар көкөністің осы түрі жақсы сақталатынын және сапасының өте тамаша болатынын айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.