«Ғибратты керуен» – Сарысу ауданында

0

Сарысу ауданына «Ғибратты керуен» жобасы аясында Жамбыл облысынан зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесі, діни басқарма имамдары, жастар орталығының мамандары, әлеуметтік желі белсенділері, мәдениет, әдебиет қайраткерлерінен құралған керуен ат басын бұрды.
Керуен мүшелері аудандық мәдениет үйінің коворкинг орталығында кездесу өткізді. Жиынға аудандық ардагерлер төрағасы Ж. Жұмаділдаев, Жаңатас қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Орымбаев бастаған ардагерлер және алқа билер кеңесінің төбе биі Қ. Жандарбеков, Сарысу ауданының бас имамы Ғ.Қонақбаев, ауанымыздың Құрметті азаматтары және этномәдени орталықтардың жетекшілері, қоғамдық бірлестік төрағалары, Жаңатас қаласы және ауылдық округтердің жастары қатысты.
«Ғибратты керуен» жобасының бағдарламасы аясында кездесу, әлеуметтік бинероликтердің көрсетілімі өтті. Сондай-ақ, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Н.Жувандикова азаматтарды қабылдады.
Шеберлік сағаттарын ҚР еңбек сіңірген әртәсі М.Әлімбетова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретші, қолөнер шебері Р.Сапаралиева, А.Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының гриммері Ә.Ахметова жүргізіп, жоғарғы деңгейде өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.