Сотталғандар арасында сауалнама жүргізілді

0

Сотталған азаматтарды түзету психологиясы, яғни сотталғандардың ресоциализациясы – тәжірибелік кеңес беруімен түзету құқығымен тығыз байланыста, сонымен қатар құқық бұзушылардың тұлғалық психокоррекциясын қабылдау. Оны жүзеге асыру тәсілдеріне сауалнаманы жатқызуға болады. Ал сауалнама дегеніміз – нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі.

Осыған орай, ЖД-158/2 мекемесінің психология қызметі сотталған азаматтар мен қызметкерлердің арасындағы  қарым-қатынасты және ахуалды анықтауға бағытталған сауалнама өткізді. Сотталған азаматтар өз ойларын жасырмай бөлісу үшін сауалнама анонимді түрде алынды.

Жалпы, сауалнама жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу мақсатында жүргізілді. Осылайша, мекемедегі ахуалдың қаншалықты деңгейде жағымды немесе жағымсыз екенін және сотталған азаматтар қызметкерлерден қысым немесе зорлық-зомбылық көріп жүрген жағдайларды анықтау көзделіп отыр.

Сауалнама нәтижесі шығарылып, жоғары тұрған органдарға жіберілді.

Ж. Кумекова,

ЖД-158/2 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімі психология қызметінің психолог маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.