Қарттарға құрмет көрсетілді

0

Халықаралық қарттар күні – бұл аталар мен апалардың, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл- жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөзі бар.

1-қазан халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Меркі аудандық пробация қызметінің қызметкерлері аудандағы еріктілермен бірлесіп зейнет жасындағы бірқатар ата-аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекелерімен құттықтап қайтты. Жылы жүздесу барысында ата-аналарға ыстық лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Арайлым Сәмбетова,
Меркі аудандық Пробация қызметінің инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.