Жемісті жұмыс, нәтижелі әрекет

0

Жыл санап елімізде қылмысқа қатысты заң да қатаңдап келеді. Соған қарамастан, адамзат баласының ала жібін аттаудан, заңға қайшы әрекетке барудан тайынбайтындардың саны бірден азайып кете қойған жоқ. Ондай қылмыстардың ашылуына көбіне-көп учаскелік инспекторлардың жемісті жұмысы, нәтижелі әрекеті ұйытқы.
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес 7 қыркүйектен 1 желтоқсан аралығында республика көлемінде жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліде. Аталған шара барысында Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынш тексеріп, олардың қайта қылмысқа бармауы үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы, профилактикалық жұмыс жүргізіп, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, құқық қорғау органдарының қоғамдағы ұстанымын нығайтуда ең алдымен учаскелік инспекторлардың маңызы зор. Түптеп келгенде, тәртіп сақшыларының бүгінгі қызметіне халық нақ осы учаскелік инспекторлардың жұмысына қарап баға береді. Сондықтан оларға артылған жауапкершіліктің жүгі де, талап та ауыр.

Айдос Түстікбаев,
Тараз қалалық №2 Пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.