Атқарылған жұмысы ауқымды

0

«Жамбыл – адалдық алаңы» менеджерлері облыс әкімдігі жанында құрылған жедел топ құрамына енгізіліп, күнделікті Тараз қаласында орналасқан дәріханаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Қазіргі таңда 142 дәріхана және 32 дәрілік қоймалар мен аурухана қызметі зерделенді. Нәтижесінде бағалардың жоғарлауы, дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 49 фактісі анықталып, 16 әкімшілік хаттама толтырылып, теңге айыппұл салынды.
Ал, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында дәрі-дермектердің шекті бағасы көрсетілген QR-code енгізілген арнайы жадынамалар 240 – тан аса дәріханаларға ілінді. Демек, дәріхана келген азаматтар дәріні сатып алу барысында оның бағасына күмәні болса, оның шекті бағасын QR-code арқылы тексеруге мүмкіндік жасап отырмыз.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері шет мемлекеттен келген гуманитарлық көмектердің медициналық мекемелерге жетуіне сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді. Оның ішінде, облысына Катар, Қытай, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Туркия мемлекетінен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жолдаған гуманитарлық көмектер қоймаларға ұсынылған тізімге сәйкес толықтай қабылданды.
Мониторингпен Тараз қаласындағы тұрғын үй-жөндеу қоры арқылы көпқабатты тұрғын үйлерге жасалынған ағымдағы жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Бұл бағытта «Бір үй –бір мессенджер чаты» атты жоба жұмыс жасауда.
Қоғамдық бақылау нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша жөндеуден өткен үйлердің тұрғындары, мердігер компаниялардың өкілдері және «Тұрғын үй жөндеу» мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен талқыға салынып, Қарасу мөлтек ауданың №6 үйінің шатырын, подъезді жөндеу жұмыстары жалпы соммасы 3,1 млн. теңге жасалынды, Алатау мөлтек ауданының №12 үйінің жылу және кәріз құбырлары, шатырдағы терезе торлары жалпы соммасы 4 млн. теңгеге жасалынды, Талас мөлтек ауданының №18 үйінің жылу құбырлары және жарықтандыру жұмыстары 230. мың теңгеге жасалынды.
Сол сияқты, Мынбұлақ мөлтек ауданының №53 үйінің электр қақпаларының есіктері ауыстырылды, Самал мөлтек ауданының №31 үйінің алдыңғы бақты темір қоршаулар жаңартылып, едендері бетондалды, Қарасу мөлтек ауданының №16 үйі жарықтандырылды және жамбырлы күні подъезге су кірмес үшін есіктері қайта орнатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.