Жамбылдық жастар қайырымдылық турнирін ұйымдастырды

0

Отбасы мерекесі күні қарсаңын­да аудан әкімдігі «Жастар ресурс­тық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және облыстық «Qamqor» қайырымдылық дүкенінің қолдауымен 12 баланы дүниеге әкелген қаратөбелік тұрғынға құрмет көрсетіліп, отбасы мүшелеріне қажетті киім-кешек үлестірілді.
Мұнан соң жан жадыратар жақсылықты ту еткен жастар облыстық бірқатар айтыскер ақынмен бірлесіп, «Отбасы – Отан тірегі» атты ұранмен кіші футболдан қайырымдылық турнирін өткізіп, жүлделі орындарға бөлінген қомақты қаражатты «Алтын алқа» иегеріне табыс етті.
– Бүгін тонның ішкі бауындай ұйымдасып, қайырлы амалды атқарып отырмыз. Жастарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл қайырымдылық турнирі барлық ауылда жалғасатын болады, – дейді «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахымжанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.