Жамбылда 1 500 адам сенбілікке шықты

0

Сенбілік – өңірдің шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. «Тазалық – денсаулық кепілі» деген қағидатты басшылыққа алған аудан әкімдігі сенбілікке ерекше ден қойған. Аудан аумағына өң беру, қоқыстан арылту мақсатында ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары бүгінде өз жалғасын тапты.
Өңірімізді таза да көрікті ауданға айналдыру үшін игілікті шаралар атқарылуда. Ауданымыздың санитарлық жағдайын жақсарту, көгеріштендіру, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін оңтайландыру мақсатында күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары да бекітілген. Осы жоспарға сәйкес ұйымдастырылған жалпыаудандық сенбілікке аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекеме-ұйым қызметкерлері шығып, «Аса-Тараз» бағытындағы және округтердің өздеріне тиесілі аумақтағы талдарты әктеп, жол жегінің көрінісін әсемдеді.
Онда болған біз аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбековпен тілдесіп, тазалық жұмыстарының нәтижесі туралы сұрап білдік.
– Сенбілікке 1500 адам қатысты. 15 техника жұмылдырылып, 10 тонна тұрмыстық әк пайдаланылды. Ортақ істің басынан тұрғындарда төбе көрсетті. Жалпы, аудан бойынша қыркүйек-қазан айлары аралығында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Сенбілік – тазалық кепілі. Тазалық жұмыстарын ұдайы назарда ұстап отырмыз. Сондықтан, өзі тұратын жердің тазалығына көңіл бөлу – азаматтық парыз. Ауыл-аймақты ажарландыру, келбетін аша түсу – өз қолымызда, – деді Елдос Қыдырбекұлы бізбен әңгімесінде

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.