Тыйым салынған заттар лақтырмақ болған

0

Таразда түзеу мекемесінің бүркемелі қоршауынан тыйым салынған заттар лақтырмақ болған, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің режим және жедел бөлімінің қызметкерлері мекеменің сыртқы аумағындағы №3 тыйым салынған аймағына жақын жүрген азаматты ұстады. Құрылталған М есімді азамат қолындағы белгісіз бір дана жапсырмамен (скотч) оралған орама затты өзінің маңайына лақтырып үлгерген.
Заңды бұзған азамат лақтырған ораманың ішінен сотталғандарға пайдалануға және қолдануға тыйым салынған бір дана «ОРРО» маркалы ұялы телефон, екі дана «Актив» ұялы операторының сим картасы және бір дана қуаттағыш сондай-ақ бір дана қайшымен бір қорапша ине табылды. Бүгінгі таңда тыйым салынған заттарға тәркілеу актісі жасалып, зерттеуге жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.