Жат ағымнан сақтан, замандас!

0

Ел бірлігі мен ынтымағын сақтауға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім жобасы аясындағы» ақпараттық-түсіндіру топтары әр ауданда болып, тұрғындарымен кездесіп, сол саладағы өзекті мәселелерге талдау жүргізіп жатқаны белгілі. Осы ретте бес бағыттың бірін қамтитын «Діни мәселелерді түсіндіру» тобы өңірімізге табан тіреді. Насихаттық топтың жұмысы алдымен аудан орталығындағы М.Төлебаев атындағы «Өнер мектебінде» ауылдық округ әкімдерінің, дін мамандарының қатысуымен өткізілген жиыннан бастау алды. Өңір басшысы Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өткен кеңесте дін бойынша талдау нәтижелері сараланды. Онда жергілікті дін мамандарының жұмысы, ауылда діни ахуалдың алдын алуға бағыттылған баяндамалар тыңдалды. Топ жетекшісі облыс әкімдігі дін істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров сөз сөйлеп, діни ахуалды болдырмау жолдарын түсіндірді. Мұнан кейінгі басқосу аудандық ардагерлер үйінде жалғасты. Онда облыстан келген делегаттар ауыл тұрғындары, ардагерлермен кездесіп қабылдау жүргізді. Көбіне имамдардың жалақысы, теріс бағыттың жолын кесетін заңдар, діни рәсімдер сияқты көкейкесті сұрақтарын қойған халық тұщымды жауаптарын алды.
– Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр, – деген Жангелді Жайлауұлы діни саласында серпінді жұмыстар өз нәтижесін береді, тек ата-аналар өз балаларының күнделікті ғаламторда қандай сайтқа кіріп, жат ағымның жолына түсіп кетпеуін қадағалау керектігін тілге тиек етті. Айталық, оқушылардың дін саласын жетік меңгеруіне, теріс жолға түспеуіне септігін тигізетін екінші адам ол – ұстаз. Бұл бағытта оларға артылатын жүкте ауыр. Осы ретте «Өнер» орталығының ғимаратында Нұрсұлтан қалалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы Мақсатбек Қайырғалиев, Шымкент қалалық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Республикалық «Ақниет» ақпараттық түсінідру орталығының өкілі Раят Рахымжанов өңірдің дін саласы бойынша ұстаздық ететін мұғалімдерге, оушыларға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету, мұсылман дінінің өміршеңдігін және ислам дінін насихаттау және өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға бағытталған дәрістерімен жалғасты. Екі күнге жуықтаған дін саласы бойынша профилактикалық және оңалту жұмыстарын жүргізген арнайы топ он жеті ауылдық округтің имамдарымен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді. Соңынан ауыл әкімдері мен арнайы топтың қатысуымен аудан әкімі Сәкен Қаланұлының қортынды жиналысымен түйінделді. Расында да дін – бұл бір тұңғиық теңіз. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани құндылықтық идеяларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осы ретте, қазақ қоғамы алдында жастарды рухани тәрбиелік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі тұр. Ал, мұндай мәселелерді шешу осындай шарапаты мол кездесулерден бастау алатынын ұмытпайық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.