Қыс шананы жаз сайлау қажет

0

Елді мекен тұрғындарының сауал, тілектерін назарға алу, халықпен етене байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылған көшпелі қоғамдық қабылдау кезінде аудан әкімі Сәкен Арубаев жергілікті білім ордаларының қысқы маусымға дайындығын да бір қарап шықты. Алдымен 1989 жылы қолданысқа берілген Ерназар ауылы Б.Кейкиев атындағы орта мектептің пән кабинеттері мен спорт залын аралаған аудан басшысы қыстық көмірдің қоймада сақталуын, дәстүрлі түрде ілім алып жатқан оқушылардың денсаулығы мен санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауын жіті бақылауға алу керектігін алға тартты.
Мұнан соң Өрнек ауылы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектептің жай-күйін көрді. Мектеп директоры Рина Жұмаділованың айтуынша, 1967 жылы қолданысқа берілген нысан 620 оқушыны қамти алады. Ғимараттың ішкі-сыртқы құрылымына қарап, ескі деп айтуға ешқандай негіз жоқ. Іргесі биік, еңсесі тік нысанға шолу жасаған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы кабинеттердегі ескі орындықтар мен тақталарды жаңарту керектігін айтып, тиісті бөлімдерге тапсырмалар жүктеді.
Тастөбе ауылында болған аудан әкімі Сәкен Арубаев 1971 жылы салынған 80 орындықты ауылдық клубтың жарық шамдары талапқа сай емес екенін, орындықтарды ауыстыру, заманауи технологиялармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізіуді қолға алуды тапсырды.
Сондай-ақ қыс шананы жаз сайлау қажеттігін, кемшіліктер анықталмас үшін дайындық жұмыстарын тағы бір пысақтауды тілге тиек етті.
Аудан әкімімен аталмыш ауыл әкімдері, бірқатар бөлім басшысы, мектеп директорлары бірге жүрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.