Қыздар сынға түсті

0

Апта аяғында Аса ауылындағы кіші футбол алаңында волейболдан 2005-2007 жылдары туылған қыздар арасында аудандық біріншілік өтті. Сайыста өңірден барлығы 4 команда бақ сынады. Жарыс басталарда аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшы­сы Қайрат Ержігітов, Аса балалар мен жасөспірімдер спорт мекте­бінің дирек­торы Самат Өмірәлиев қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Өркениет өріне құлаш ұрып отырған елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру – басты мәселе. Әрбір қазақстандық, оның ішінде жастар осындай спорттың бұқаралығын насихаттайтын жарыстарға қатысу арқылы өздерінің денсаулықтарын шынықтырулары қажет, – деді Қайрат Оразымбекұлы жарыстың ашылу салтанатында.
Бәсекелер тартысты өтті. Ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар жеңіс медалін сарапқа салды. Жарыс бар жерде жеңімпаз бар. Командалардың ішінде дара шыққан Б.Кейкиев атындағы орта мектептің қыздары бас жүлдені еншіледі. Екінші орынды аталған команданың қосалқы құрамы қанжығасына байласа, үшінші орынға Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің спортшылары шықты. Жарыс барысында әдемі ойын өрнегін құрай білген ойыншылар арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.