Білім бөлімінің әдістемелік кабинеті – байқау жеңімпазы

0

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Осындай құрметке бөленіп жүрген білім саласы мамандарының бір шоғыры аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінде еңбек етеді. Олардың еңбегі ескерусіз қалған емес. Оған дәлел, жуырда өткен кіл мықтылар мен білім саласының майталмандарын анықтайтын аудандық, қалалық әдістемелік кабинеті республикалық байқауында аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинеті үздік деп танылды.
Мерей өсірген марапатты өңірімізге арнайы келген Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Ерұлан Мағзымбеков аталған бөлімдегі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Қымбат Қыпшақбаеваға салтанатты түрде табыстады.
Марапат мұнымен аяқталмады. Биыл білім саласында жылдағыдай демалыс, сауықтыру шаралары деген сөз аталмады. Неге? Себебі, аты жаман індеттің алдын алу үшін, кейбір жоспарларды кейінге шегеруді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр мәлімдемесінде айтып келеді. Осы ретте ұстаздарды ынталандыру мақсатында Б.Кейкиев атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Динара Әмірсейітоваға жоғарыда аталған қоғамдық бірлестік атынан ноутбук сыйға берілді.
Еске салайық, қазіргі оқыту жүйесіне байланысты елімізде планшет, ноутбук, компьютер сияқты құрылғылардың дәуірі жүріп тұр. Ал, біздің облыс осы гаджеттермен жабдықталу бойынша республика көлемінде көш бастап тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.