63 тонна қоқыс шығарылды

0

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, өңірдің тазалығы ең алдымен мына өзімізден бастау алады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші.
Жамбыл ауданының келбетіне өң беру, санитарлық жағдайын жақсарту, көгершіктендіру, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін оңтайландыру мақсатында күзгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Осы орайда аудан әкімдігіндегі бірқатар бөлім мен жергілікті ауылдық округтің қызметкерлері бүгін Аса-Тараз бағытындағы және өздеріне тиесілі орындарға тазалық жұмыстарын үйлестірді.
Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Елдос Кеңесбековтың айтуынша, игі іске 1300 азамат атсалысқан.
– Тазалық жұмыстарына 44 техника қатысып, 63 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, күл-қоқыстар, шөп-шалаңдар шығарылды. Аудан тұрғындарының біркісідей атсалысқанын да айта кеткен жөн. Бүгінде талай тірлік тиянақталды. Ауыл ішіндегі арық-атыздар ретке келтіріліп, әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылды. Келесі сенбілікке талдарды әктеуді жоспарлап отырмыз, – дейді Елдос Қыдырбекұлы.

Ақжігіт Жетпісбай,

Жамбыл ауданының баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.