Жаңа оқу жылын жаңа қарқынмен бастады

0

Биылғы жаңа 2020-2021 оқу жылын аудандағы 27 мектеп бойынша 9212 оқушымен бастады. Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқу процесі 2 форматта жүргізілуде. Дәстүрлі оқыту және қашықтықтан оқыту. Аудандағы 27 мектептің 7195 баланы қамтитын 9 мектеп қашықтықтан оқиды, 2017 оқушымен 18 мектеп дәстүрлі форматта білім алуда. Бұл 18 мектепте бала саны 180-нен аспайтын шағын жинақты мектептер.
2020-2021 оқу жылына 1 сынып оқушылары Eduschool.kz сайты бойынша 943 бала қабылданып, білім алуда.
Қашықтықтан жұмыс жасайтын 9 мектептің 1-4 бастауыш сыныптарындағы барлық 3118 оқушы штаттық режимде оқытылуда.
Штаттық режимде оқытылатын 18 мектептегі 2017 оқушы.
Қашықтықтан оқитын мектептердегі мектепке келіп оқитын бастауыш 1-4 сыныптардағы барлық білім алушылар және штатық режимде оқытылатын мектептердегі барлық білім алушылардың күн сайынғы температурасын өлшеуді қамтамасыз ете отырып білім алуды жүзеге асыруда.
Дене қызуы нормадан жоғары, ауру белгілері бар балалар үйлеріне оралады, ауырған адамдар анықталған жағдайда барлық сынып қашықтықтан оқытуға көшу қамтамасыз етілетін болады.
Бейсенбі күні Түркістан ауылдық округі Ә.Бүркітбаев ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов болып, жаңа оқу жылының басталуымен танысты. Онда 180 оқушы білім алуда. Шағын жинақты мектептегі 180 бала барлық санитарлық нормаларды ұстана отырып, штаттық режимде білім алуда.
Биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 20 бала қабылданған, бастауыш 1-4 сыныптарында 83 бала оқиды, мектепалды даярлық сыныбында 12 бала тәрбиелеуде.
Сыныптарды аралап, оқу барысын көрді. Сондай-ақ, аудан басшысы қысқа дайындық барысын да назардан тыс қалдырмады.
Тағы айта кетер жәйт оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға мұғалімдер мен ата-аналардың көмегімен 1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.