Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың сындарлы сауалдарына толымды жауап беру және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға бағдар бере отырып, халықпен етене байланыс орнату мақсатында аудан әкімі Сәкен Арубаев бастаған қоғамдық көшпелі қабылдау тобы апта аралығында Ерназар, Өрнек ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесіп, олардың талап-тілегіне құлақ түрді. Қараша халықты алаңдатқан мәселелерді анықтауға және шешімін табуға аудан прокурорының орынбасары Болат Мұстафаев, аудан әкімдігі ішкі саясат, полиция, экономика және бюджеттік жоспарлау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт, Халыққа қызмет көрсету және Жұмыспен қамту орталығының басшылары қатысып, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне қайырылған барлық азаматты қабылдады. Жалпы сұрақтар егінсу, жол жабындысы, кәсіпкерлікпен айналысу, бос жұмыс орындары, көгілдір отын мәселелері айналасында болды. Көшпенді қоғамдық қабылдауда барлығы 34 тұрғын көкейінде жүргенін айтуға мүмкіндік алды
Мысалға, Ерназар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлепберген Үрістембеков облыстық маңызы бар Қойгелді-Ерназар бағытындағы жолға асфальт төселсе, ауыл тұрғыны Қайсар Ормахаев егінсу тапшылығы шешімін тапса, ерназарлық Зура Мелдебекова, Балкерім Ерімбетова, Майра Монтаева, жер кезегі, қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша сұрады.
Ал, Өрнек ауылының тұрғыны Қабыл Үсіпов Абай, Жамбыл көшелеріне асфальт төсеу керектігін алға тартса, Галина Чижикова жер телімін заңдастыра алмай жүргенін қынжыла жеткізді. Тәртіп сақшыларына қайырылған Жұматхан Жұмабаев жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауылда учаскелік полиция инспекторлары жиі рейд жұмыстарын ұйымдастырды өтінді. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап жүрген құсбегі Бауыржан Ешметов жыртқыш аңдардың санын көбейткісі келетінін айтып, қаржылай қолдау білдіруін сұраса, спорт жанашыры Тамдыбек Арызбаев ауылға спорт кешені қажет екендігін алға тартты.
Сұрақтарға толымды жауаптар қайтарылып, кеңестер берілді. Қоғамдық қабылдау кезінде санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң бақылауда болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.